Ескі архив · 27.10.2017 16:03

Қуыршағым бар менің

Жасырынып менен бұл, Асырды ма айласын? Тілдесейік, кел, енді, Қуыршағым қайдасың? Шомылдырып алайын, Шашыңды да тарайын. Тамағыңды берейін, Сабағыңды қарайын. Болма тентек, жылауық, Ойнатайын бір ауық. Төсегіңді қамдайын, Кетпей тұрып түн ауып. Кешірейін қатеңді, Тыңдашы тек тәтеңді. Ертегі айтып берейін, Кел, жаныма жат енді!
Авторы:
quatadis

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту