Ескі архив · 28.10.2017 16:22

Содырбек пен Қоңырбек

Шолжаң, сотқар Содырбек: «Менің жүрер жолым», — деп. Алдындағы балаға, Ербеңдетті қолын кеп. Сөзінде бар көп ілмек, Естуші еді содыр деп. Соқтыққысы келмеді, Қойдан жуас Қоңырбек. Әкесі айтқан әу баста: «Сотанақпен жауласпа». Басқа жолға түсті тез, Дау тілемей сау басқа. Бар айбаты – қолында, Сотқар тұрса жолында. Соқтықпаған Қоңырбек, Ақылды ма, момын ба?
Авторы:
quatadis

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту