Ескі архив · 01.11.2017 14:50

Startup Weekend 2017 финалы осы аптада өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Astana Innovations Challenge» ауқымды стартап-марафоны аясында елордада 3-5 қараша аралығында Startup Weekend 2017финалы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. Стартап-марафон — қалалық технологиялық тапсырмаларды қалалықтар, ғылыми, бизнес- және стартап-қауымдастықты белсенді түрде тарту жолымен шешуге бағытталған. Іс-шара Forte bank-тің бас ғимаратында өтеді. Соңғы болатын Startup Weekendте кез келген стартапер (бастамашы), әзірлеуші, жүзеге аспаған идеялардың генераторы өзіне қандай да бір іс тауып алып, айналысуына негізделген. Тақырыптар – блокчейн, ақылды келісім-шарттар, электронды денсаулық сақтау, технология және білім. «Astana Innovations Challenge»-нің негізгі мақсаты – қалалық технологиялық мәселелерді шешуде іздеу арқылы қала өміріне талантты адамдарды тарту. Соңғы жарты жылда компания 5 іс-шара өткізіп, 1,2 мың өтініш алды. Бұдан басқа, 150 команда жасақталып, оның ішінен 15 жүлдегер анықталды. 5 жобаға өз идеяларын жүзеге асыру үшін пилотты алаң ұсынылды. Startup Weekendке қатысу тегін. Оған мына сайт арқылы тіркелуге болады: www.astanaic.kz
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту