Ескі архив · 02.11.2017 20:50

Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз. Мүшәйраның мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа 14 — 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Бірінші кезеңде: еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі. Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады. Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Толығырақ
Авторы:
BilimAll

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту