Ескі архив · 14.11.2017 23:33

«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. «Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді. «Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура — солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша. Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту