Ескі архив · 18.11.2017 21:09

Қазақ тілі негіздері. 1-бөлім

Қазақ тілі негіздері. 1-бөлім ★ О, Ө, Ұ, Ү, Ә орфография бойынша сөздің бірінші буынынан тыс буындарда қолданылмайды. Қазақ тілінде еріндік үндестік жазуда көрсетілмейді. Демек, тұйық етістікте тұрған сөздерді латын алфабетімен жазғанда, -uw, -üw деп емес, ал -ıw, -iw деп алу керек: • бару — barıw • беру — beriw • бұру — burıw • бүру — büriw Көрнекілік үшін орыс тілінен еніп, дұрыс бейімделген сөздерді келтіреміз: стОл → үстЕл енОт → жанАт волОсть → болЫс бревнО → бөренЕ мешОк → мөшЕк крючОк → күршЕк самОвар → самАуыр завОд → зауЫт Назар аударыңыз қалай дауыстылардың сөздегі орнына байланысты олардың еріндік-езулігі ауысты: лҰқпан ~ ұлЫқпан лҰқсат ~ ұлЫқсат сҰн ~ ұсЫн мҰт ~ ұмЫт рҰс ~ орЫс рҰм ~ ұрЫм Бұл және басқа да ережелеріміз ескерілмей, қазір қате жазылып жүрген кей сөздерді жөнге сап жазғанда, былай болмақ: бұлбұл → бұлбыл қарлұқ → қарлық селжүк → селшік самұрық → самырық тамұқ → тамық мағлұм → мәлім марқұм → марқым мақұл → мақыл мазмұн → мазбын дәстүр → дәстір кінә → кіне күмән → күмен сірә → сіре моңғол → муал Қазақ тілінде ріндік дауыстылар бас буыннан ары бармайды. #kazaktili #kazaktilinegizderi #казахскийязык #kazakhlanguage #основы #грамматика #grammar #gramer
Авторы:
Kazakgrammar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту