Ескі архив · 19.11.2017 22:58

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

18 қарашада қала маңындағы Жалтыркөл кентіне қатынайтын № 316 автобус бағдары ашылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан, Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады. «Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүрмек: Манас көшесі, – Абылайхан даңғ., – Астана-Қарағанды тас жолы, – Жібек Жолы ауылы, – соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы. Автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді», – делінген таратылған хабарламада.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту