Ескі архив · 20.11.2017 16:52

Қазақ тілі негіздері. 2-бөлім

★ Б, В, Д, Г, Ғ және Х/Һ қазақ сөздерінің соңында қолданылмайды. Басқаша айтқанда, сөз соңында ұяң дауыссыздардың арасынан тек З мен Ж кездесе алады және қатаң дауыссыздан тек Х/һ кездесе алмайды. Мұның өзінде Ж-ға аяқталатын дұрыс бейімделген үш-ақ қазақы сөз бар: лаж, баж, тәж. Қате түрінде әдеби нормаға еніп кеткен кей сөздерді дұрыстап жазатын болсақ, былай болады: араб → арап баб → бап жад → жат шад → шат шах → шақ (мұндағы -қ бірікеннен сөздерде түсіп қалады) шейх → шайқы (мұндағы -қы біріккен сөздерде түсіп қалады) Мағриб → Мәрiп мазғаб → мәзеп Пенджаб → Бенжап Суяб → Сұяп Мерв → Мары хаджиб → әжiп хиджаб → ежеп ниқаб → некеп наиб → найып аллаһ → алда Қатаң дауыссыз боп табылатын Ц, Ч, Ф, Щ әріптері есепке алынған жоқ.
Авторы:
Kazakgrammar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту