Ескі архив · 21.11.2017 19:16

«Астана» – «Вильярреал» матч жанкүйерлері қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. «Астана» – «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 23 қарашасында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады (кері бағытта әкететін). Автобустардың жүру уақыты – сағ 20:00-ден 21:00-ге дейін; Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы. Автобустар төмендегі автотұрақтардан жүретін болады: – «Қазақстан» СК тұрағы; – «Нұр Астана» мешіті тұрағы; – «Жастар» сарайы» тұрағы; – «Астаналық цирк» тұрағы. Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23:30-дан стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді Қабанбай батыр даңғылы бойынша қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту