Ескі архив · 12.12.2017 13:09

Bilimal жүйесін күнделікті 120 мың қолданушы пайдаланады

Оқушы — Мұғалім — Ата-ана үшбұрышына арналған түрлі кешендік бағдарламалар бар. Елімізде үлкен қолданыстағы жүйелердің бірі — Bilimal. Заманауи білім және әлеует басқару құралы. "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығының бұл өнімі — 100% отандық өнім. Қарағанды облысында кеңінен пайдаланылатын бұл жүйе UNICEF-тің Out-Of-School Children Monitoring Framework есебінеде жоғары бағаланған. Bilimal кешенін 3 түрлі ракурстан қарап көретін болсақ: Ата-аналарға • Балалардың барлық бағаларын өз смартфонынан қарай алады. • Тоқсандық немесе жылдық қорытынды бағаларға кері әсерін тигізуі мүмкін күрделі тақырыптарды анықтап, білімінің деңгейін бақылай алады. • Ұсыныстар мен электронды оқытудың онлайн курстарына негізделе отырып, балалардың сабаққа дайындалу барысына өздері қатыса алады. Оқушыларға • Оқуға түсуге арналған емтихандарға дайындық. • Қиындық туғызатын тақырыптар мен пәнді игерудегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. • Болашақ мамандықты таңдауға көмек. Мұғалімдерге • Қашықтықтан оқытуды жүргізіп, оқушыларға үй тапсырмаларының тақырыптарын беріп, баға қоя алады. • Жүйе Жалпылай Оқытумен бірге қажет есеп түрлерін өзі құрады. • Порталда мұғалімдер кәсіптік қауымдастықтарға қатысып, әріптестерімен ой бөлісе алады. Жүйеге қосылу үшін немесе толық ақпарат үшін: bilimal.kz www.facebook.com/bilimalkz vk.com/bilimal
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту