Өмір
Бұл дүние жеткізбейді ойласаң да,
Тұрмайды кетерінде байласаң да.
Өлшеулі несібеден артық болмас,
Жаныңды күндіз-түні қинасаң да.
Әр қашан бұйырғанын ішіп-жейсін,
Ызғытып төрт түлікті жинасаң да
Бар болса екі жахан абыройы
Сондықтан болмайды екен жинасаң да
Орындап бір Алланың бес парызын
Барына қанағат қыл тоймасаң да
Жігітке мақты дәулет — амандығы
Қылмаса бұған шүкір — надандығы
Бар болып дастарханға қоймаса егер
Әрине, ол шық бермес сараңдығы
Дүниені орнын тауып жұмсамаса
Белгілі, ол өзінің — жамандығы.
Боларын пенде білмес тасқан күні
Талабы алға қарай басқан күні
Самұрық Алла тағалаға қызмет қылар
Басынан бақыт, дәулет ұшқан күні.
Мұратқа ешкім қолдан жеткен емес
Болады тек Алланың қосқан күні
