Ескі архив · 09.02.2018 20:30

Оскар 2018: Кім жеңеді?

4 наурызда Америка киноакадемиясының «Оскар» киносыйлығы үлестіріледі. Биыл фавориттердің үздік үштігінде: • Гильермо дель Тороның «Су пішіні» фэнтези-мелодрамасы — 13 номинация • Кристофер Ноланның «Дюнкерк» әскери драмасы — 8 номинация • Мартин Макдонахтың «Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд» драмасы – 7 номинация. Енді биыл «Оскарды» кім алады деген сұраққа жауап іздеп көреміз. Болжамды осыған дейін үлестірілген әртүрлі киножүлделер негізінде жасайтын боламыз: Сонымен біздің болжамды түйіндесек, тізім былай болады екен: Үздік фильм, үздік актриса, екінші пландағы үздік актер, үздік түпнұсқа сценарий — «Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд» (Фрэнсис МакДорманд, Сэм Рокуэлл, Мартин МакДона) Үздік актер — Гари Олдман («Ауыр кезең»). Екінші пландағы үздік актриса — Эллисон Дженни («Мен, Тоня»). Үздік режиссер — Гильермо дель Торо («Су пішіні»)
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту