Ескі архив · 15.08.2018 14:54

Аграрлық жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі шеңберінде 18-19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жәрмеңке Қ. Мұңайтпасов 7 көшесіндегі «Қазақстан» СК көлік қоятын орнында өтетіні анықталды. Бар-жоғы облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады, 79 млн теңге сомасында 120 тонна ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылады. Бұл ең алдымен еттің барлық түрі, ең ірі республикалық «Кублей» қайта өңдейтін кәсіпорнының 10 тонна консерві бұйымдары, кондитерлік өнімдер, сусындар және тағы басқалары. Дәстүр бойынша жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту