Ескі архив · 16.08.2018 17:05

Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулаудан жарыс өтеді

Жарыс 25 тамызда өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Конституция күніне орай, Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады. Жарысқа қатысушылардың өтініштері жұмыс күндері 24 тамызға дейін Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекен-жайы бойынша және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық почта арқылы қабылданады. Анықтама телефондары: 55-67-04, 55-75-22,8-701-852-33-34, 8-707-665-31-6. Спорттық балық аулау жарысының бағдарламасы: Қатысушылардың жиналуы және тіркелудің басталу уақыты – 08:00 – 08:30 Тіркелу және қатысушылар жеребесі – 08:30 – 09:00 Жарыстың ашылу салтанаты – 09:00 – 09:20 Алаңға шығу және дайындық уақыты – 09:20 – 09:30 Жарыс уақыты – 09:30 – 12:00 Ауланған балықты өлшеу, нәтижесін қорытындылау – 12:00 – 13:30 Құрметті қонаққа сөз беру, Фестивальдің ашылуы – 12:00 – 13:00 Спорттық балық аулау қатысушыларын марапаттау рәсімі – 13:00 – 13:30 Спорттың экстремальді түрлері фестивалінің бағдарламасы: Жарысқа қатысушылар жеребесі (гидроскутер, рафтинг, кайтсерфинг), төрешілер, дайындық – 14:00 – 15:00 Жарысқа қатысушылардың салтанатты түскі ас уақыты – 14:00 – 15:00 Жарыс қатысушалырының бастауы – 15:00 – 17:00 Нәтижесін есептеу, жеңімпаздарды марапаттау – 17:00 – 18:00 Кешкі бағдарламаның басталуы – 18:00 – 00:30 Иллюзианисттердің өнер көрсетуі – 18:00 – 19:00 Астана және басқа қалалардың рок топтарының концерті – 18:30 – 00:00 От шашу – 00:00 – 00:30 «Елорданың үздік ди-джейлерінен» Open Air – 00:30 – 04:00
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту