Ескі архив · 17.08.2018 15:49

«Мектепке жол» акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада нарықтағыдан төмен бағалар бойынша мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық-нәски бұйымдарынкөтерме баға бойынша сатушылар қатысады. Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан(113 кабинет) немесе 557403 тел. арқылы алуға болады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту