Ескі архив · 17.08.2018 14:09

UEFA 2017/2018 маусымының үздік голын таңдайды

UEFA 2017/2018 маусымындағы түрлі ресми турнирлерде соғылған үздік 11 голдың шорт-листін жасады. Оған Чемпиондар Лигасы сияқты ірі турнирден бастап, жасөспірімдер және әйелдер футболы, сондай-ақ футзалда да соғылған голдар кіреді. Үздік голға дауыс беру 27 тамызға дейін жалғасады, сол күні дауыс саны бойынша үздік гол иесі жарияланады. Дауыс беру үшін мына жерге өтіңіз: gots.uefa.com/#/ru Үміткерлер: Люси Бронз («ЛИОН» — «Манчестер Сити» 1:0) УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы, 1/2 финал, 29.04.18 Ольга Кармона (Швейцария — ИСПАНИЯ 0:2) U-19 Қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 21.07.18 Элисандро («Спортинг» — «ИНТЕР» 2:5) Футзалдан УЕФА кубогы, финал, 22.04.18 Эллиот Эмблтон (Түркия — АНГЛИЯ 2:3) U-19 Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 17.07.18 Кристиан Эриксен (Ирландия — ДАНИЯ 1:5) ӘЧ іріктеу кезеңі, плей-офф, 14.11.17 Паулу Эштрела («ПОРТУ» — «Бешикташ» 5:1) УЕФА жасөспірімдер лигасы, топтық кезең, 13.09.17 Эва Наварро (Германия — ИСПАНИЯ 0:2) U-17 Қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты, финал, 21.05.18 Димитри Пайет («ОЛИМПИК» — «РБ Лейпциг» 5:2) УЕФА Еуропа Лигасы, 1/4 финал, 12.04.18 Гонсалу Рамуш (Словения — ПОРТУГАЛИЯ 0:4) U-17 Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 07.05.18 Рикардинью (ПОРТУГАЛИЯ — Румыния 4:1) Футзалдан ЕУРО, топтық кезең, 31.01.18 Криштиану Роналду («Ювентус» — «РЕАЛ» 0:3) УЕФА Чемпиондар Лигасы, 1/4 финал, 03.04.18
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту