Ескі архив · 29.08.2018 19:03

30-31 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20-жылдығы мен Конституция күніне орай, 30-31 тамыз күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz. «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: — сағ. 10:00 (қазақ тілінде); — сағ. 12:05 (орыс тілінде); — сағ. 14:45 (қазақ тілінде); — сағ. 16:50 (орыс тілінде); — сағ. 18:55 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады:«Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі. «MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты: — сағ. 10:00 (қазақ тілінде); — сағ. 12:05 (орыс тілінде); — сағ. 14:45 (қазақ тілінде); — сағ. 16:50 (орыс тілінде); — сағ. 18:55 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту