Ескі архив · 30.08.2018 12:53

Әкімдікте жарнама беру тәртібі талқыланды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен Астана қаласы әкімдігінде «Жарнама мен көрнекі ақпаратты орналастырудағы Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңнамасының негізгі талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға мемлекеттік органдар, қалалық және көлік прокуратурасы, әділет департаменті және жергілікті басқарушы органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы нысандарда орналастыруға байланысты мәселелер талқыланып, мемлекеттік тілді қолдану кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары бойынша нақты ұсыныстар берілді. Тіл туралы заңның орындалуына жауапты қызметтер мен мемлекеттік органдардың пікірі ортаға салынып, тіл мәселесінде ауқымды істерді атқару жоспарланды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту