Ескі архив · 24.09.2018 18:12

29-30 қыркүйекте Астанада ШҚО шаруашылық жәрменкесі өтеді

Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отыр. Шығыс жәрменкесі Қ.Мұңайтпасов көшесі мен «Қазақстан» спорт кешені аумағында таңғы 9:00-ден сағат 18:00 –ге дейін жалғасады. Өнімдердің бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20 % төмен болатын көрінеді. Аталған жәрменкеге Өскемен, Семей қалаларымен қоса 15 аудан бірдей атсалысып, жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдер ұсынатын 50 сауда орны ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бұл күні астаналықтар Алтайдың бренді – ара балын сатып ала алады. Жалпы жәрменкеде құны 210 млн теңгені құрайтын 300 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаланбақ.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту