Ескі архив · 01.10.2018 23:27

Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қыркүйек айында А. Кравцов көшесі үйлердің аулаларында жаңа балалар алаңдары, спорттық тренажерлар орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Жалпы бұрынғы Целинный шағын ауданында 5 аймақта көріктендірілу жүрді. Олар: А. Кравцова 3, 7, 7/1, Пушкина 1 және Пушкин 3/1 мекенжайында орналасқан үйлердің жанында. Балалар алаңы жасанды көгалдармен жабылған. Айта кетейік, Астанада мыңнан астам аула ішілік аумақ бар. Осы жылы 400 аула абаттандырылды. Оның ішінде Алматы ауданында – 203, Байқоңыр ауданында – 73, Есіл ауданында -10, Сарыарқа ауданында — 100. Онда балалар алаңдары, тренажерлер, шағын сәулет нысандары пайда болды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту