Ескі архив · 06.10.2018 14:06

Соңғы екі күнде Астанаға 40 вагон немесе 2796 тонна қатты отын келіп түсті

3-4 қазанда астанаға 40 вагон немесе 2796 тонна көмір келіп түсті. Оның ішінде 2 вагон немесе 138 тонна «Шұбаркөл» маркасының көмірі, 4 вагон немесе 279 тонна Майкөбе, 8 вагон немесе 560 тонна Қаражыра, сондай-ақ 12 вагон немесе 839 тонна Богатырь маркасының көмірі және 14 вагон немесе 980 тонна Кузнецкий маркасының қатты отыны бар. «Көмір сататын орындардағы» жалпы көмірдің қоры 5 қазандағы жағдай бойынша – 10723,8 тоннаны құрайды. Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Келесі дәліздерде көмір бағасы белгіленді: * Шұбаркөл – тоннасы 13500-14500 тг; * Қаражыра – тоннасы 14000 тг; * Майкөбе – тоннасы 12000-12500 тг; * Богатырь көмірі – тоннасы 8500-9500 тг; * Кузнецкий – тоннасы 12000-12500 тг. Әкімдіктің мәліметінше, Осы жылдың 1 тамызынан 3 қазанға дейін 77,5 мың тонна көмір өндірілді. Айта кетейік, нарықтағы көмір ахуалы Астана қаласы әкімдігімен күн сайын бақыланады және мониторинг жүргізіледі. Ал «і-Көмек 109» базасында арнайы халық үшін жедел желі құрылды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту