Ескі архив · 10.10.2018 23:32

Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

9-нан 13 қазанға дейін Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Шараның мақсаты – қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын ЖКО алдын алу. Жергілікті полиция қызметкерлерінен, әкімшілік полиция қызметкерлерінен және «Астана LRT» ЖШС алдын ала жұмылдырылған 10 топ қоғамдық көліктегі жүргізушілердің жұмысын бақылайды. ІІД қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады және жолдардағы қоғамдық көліктердің жүргізушілерінің тәртібін қадағалайды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту