Ескі архив · 26.10.2018 23:22

«Red bus» экскурсиясы 50% арзандады

Астанада күзгі және қысқы уақытта екі қабатты «Red Bus» автобусымен экскурсия жасау сапарына 50% жеңілдік жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Қызыл автобуспен» сапарлаудың бір реттік бағасы ересектер үшін 1,5 мың теңге, ал жеңілдіктегілер үшін (балалар, студенттер, зейнеткерлер) – 1 мың теңге. Акция тек Қазақстан азаматтарына арналған. «Red Bus» қозғалысы туралы ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: +7(7172) 779 099; +7 777 555 75 75.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту