Ескі архив · 31.10.2018 14:37

Digital Bridge» инновациялық форумында халықаралық Astana Hub IT-технопаркінің тұсаукесері өтеді

5 қарашада Астанада ЭКСПО павильондарының бірінде IT-индустриясының басты оқиғаларының бірі — «Digital Bridge» Халықаралық инновациялық форумы барысында халықаралық Astana Hub IT-технопаркінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Форумның басты жаңалығы Astana Hub IT-технопаркінің тұсаукесері өтуі. Шара кезінде Astana Hub-тың негізгі өнімдері таныстырылып, бағдарламаның алғашқы түлектерінің жетістіктері және ЭКСПО павильондарының бірінде орналасқан технопарк инфрақұрылымы көрсетіледі», деді ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Динара Щеглова. Оның айтуынша, сандық көпір форумы Қазақстанның инновациялық және цифрлық әлеуетін халықаралық аудиторияға ұсынып, осылайша біздің нарыққа шетелдік сарапшылар, стартаптар, компаниялар, инвесторлар мен АТ-ның басқа да өкілдерін тарта алатын тұғырнама болады деп есептейді. Digital Bridge форумына 600-ден астам қатысушы тіркелген, 50-дан астам спикер өздерінің қатысатынын растаған. «Біз 23 елден қонақ күтіп отырмыз, олар Сингапур, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Эстония, Франция, Германия. Форумда 9 панельдік сессия жұмыс істейтін болады, онда қатысушылар жаңа стартап жобаларды ілгерілету, мемлекеттік секторда блокчейн-технологияны қолдану, электронды мемлекеттік қызметті дамыту, киберспорт, «ақылды» қала жобаларын талқылайтын болады», деп атап өтті Динара Щеглова. Ұйымдастырушылардың айтуынша Digital Bridge жыл сайын өткізу көзделген.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту