Ескі архив · 05.11.2018 14:11

Астанада балалар шығармашылығының конкурсы басталды

Бүгін Оқушылар сарайында балалар шығармашылығының «LAULA -2018» халықаралық байқауы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты білім басқармасына сілтеме жасап. Конкурстың мақсаты — шығармашылық әлеуетті дамытуға жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдер арасындағы дарынды орындаушыларды анықтау. Халықаралық байқауға қатысамын деушілер өз арыздарын бір ай көлемінде 1 қарашаға дейін жолдай алды. Сайыс жеңімпаздары «Халық әні», «Эстрадалық ән», «Аспаптық өнер», «Халық аспаптары», «Эстрада – джаз аспаптары», «Балалар биі», «Эстрадалық би», «Халық биі» сынды аталымдар бойынша анықталмақ. Байқауға 5-тен 17 жасқа дейінгі жеке орындаушылар мен шығаршылық ұжымдар қатысады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту