Ескі архив · 17.11.2018 23:42

№ 15 мектеп-лицейде «Қамқор ана» байқауы болып өтті

Шара жол қозғалысы барысында балалардың жеке қауіпсіздігі үшін жарық шашып тұратын киімді көпшілікке танымал ету мақсатында өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Дефиле-байқауы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы шеңберінде өтті. Шараға № 15 мектеп-лицейдің оқушыларының ата-аналары қатысып, өздерінің балаларына арналған жарық шашып тұратын декорациялық киімдерді ұсынды. Жеңімпаздар мен республикалық акцияға қатысушылардың барлығы грамотамен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту