Ескі архив · 18.12.2018 18:23

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша ертең елордада боран соғады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрметке» сілтеме жасап. «19 желтоқсанда жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Дауылдың ықтималдығы 95-100 % құрайды», — делінген хабарламада. Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 19 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші15-20 м/с жететін болады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту