Ескі архив · 23.12.2018 22:36

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Жақын күндері елордада ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Бейсенбіде «Қазгидромет» Қазақстанның бас қаласында дауылды ескерту жариялады. «Астанада 21 және 22 желтоқсанда ауа температурасы түнде -30...-32 градусқа дейін төмендейді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95% құрайды», — делінген синоптиктердің хабарламасында.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту