Ескі архив · 23.12.2018 22:18

Жастар арасында радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруда

Астана әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы жастардың жаңа буынын анықтау ретінде «Q» ұғымын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мұндай идея «Ұлы дала академиясы: рухани иммунитетті нығайту арқылы Q буынын қалыптастыру» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға арналған конференцияда айтылды. Астана әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Гүлмира Серікбаеваның айтуынша, бұл қадам жастар арасында радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитеттің қалыптасуына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту