Ескі архив · 24.12.2018 01:13

Жыл басынан жолақысын төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушыға айыппұл салынды

Астана LRT жүргізушілерді қандай бұзушылықтары үшін жазалайтынын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жыл басынан қоғамдық көлікте жолақы төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың сомасы 30 млн теңге шамасында. Сонымен бірге, 900 автобус жүргізушісі ЖҚЕ мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 12 млн теңгені құрайды. «Жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуге міндетті екендігі туралы «Автомобильді көлік туралы» заңымен бекітіліп, талап етілген», — деп еске салды әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» компаниясының көлік қадағалау департаментінің директоры Самат Шаймерденов. Өз кезегінде «Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жолбыр 7 қоғамдық көлік жүргізушісінің қарама қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші құқынан айырылғанын жеткізді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту