Ескі архив · 06.05.2019 15:24

Елордада Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қалай мерекеленеді?

Нұр-Сұлтанда ресми іс-шаралар 7 мамырда басталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. Мереке күндері елордада Ақмола жауынгерлерінің бейітіне Даңқ гүл тізбегін қою рәсімі, жеңіл атлетикалық эстафета, автожарыс және мерекелік концерттер ұйымдастырылады. 7 мамырда Триатлон-саябақта қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашаласа, ал 9 мамырда сағат 23:00-де Есіл өзенінің жағасында Жеңіс күні құрметіне арналған отшашуға куә бола алады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту