Ескі архив · 28.11.2019 02:47

18 ЖАСАР СТУДЕНТ "JAS KASIPKER-2019" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, Астана гуманитарлық колледжінде " Jas kasipker -2019" байқауының марапаттауы өтті. " Jas kasipker" байқауы «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынылған КЕАҚ грантының аясында ұйымдастырылған жоба. Байқауға қатысуға өтініш білдірген қатысушылардан 5 жас кәсіпкер таңдалып, сұхбат алынды. Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен, 18 жасар жас кәсіпкер Сара Сахынбек жеңімпаз атанды. Бас жүлде иегеріне ДРОН DJI spark alpine white, үздік 6 кәсіпкерге смарт сағаттар сыйлыққа беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара барысында кәсіпкерлер өз жобаларына шағын таныстырылым жасады. Астана гуманитарлық колледжі студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, ой алмасты.
Авторы:
Simbat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту