Ескі архив · 07.12.2019 20:09

Жайдарман: Республикалық Премьер Лига ойынының финалдық бәсекесі өтті

Республикалық Премьер Лига ойындары қорытындыланды. Жыл бойы іріктеліп, финалға өткен командалар 16 қарашада өзара бақ сынасып, чемпионды анықтады. Тартысқа толы ойын Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті. Финал 2 кезеңнен тұрды: сәлемдесу және үй тапсырмасы. Қазылар алқасының құрамында Марат Оралғазин, Дәулет Кәрібек, Еркебұлан Мырзабек, Ақылбек Досжанов, Рамазан Фаилов болды. Әділ қазылардың шешімімен, бас жүлде атыраулық «Маями» командасына бұйырды. Екінші орынды Рудный құрамасы, үшінші орынды алматылық Made in ATU командасы иеленді. Премьер Лиганың 2019 жылғы маусымы осылай қорытындыланды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және дипломдармен марапатталды. Премьер Лига қатысушы командаларды шыңдап, үлкен тәжірибе мектебінен өткізді.
Авторы:
Simbat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту