Ескі архив · 29.03.2020 18:34

Сенім мен күдік

Өз-өзіңді бағалау-биік бастамалар мен алынбас асулардың жалғыз кілті.Алайда, уайым мен қайғыға салынып, болашақтың жақсылығынан күдер үзіп, үмітімізді жоғалтатын сәттерге де тап боламыз.Осындай шақта төмендегі іс-әрекеттерден аулақ болғаныңыз жөн: ▪︎Салыстыру. Өзіңізді ешкімменен теңестірмеңіз.Бақталастықты да пайдалы істерге жұмсауды үйренгеніңіз дұрыс.Есесіне, сіз әлсіз тұстарыңызбен күрес жүргізіп, оны жеңіп шығасыз. ▪︎Жеңілістер. Өткен жеңілістеріңізді үнемі еске алып отыру-өз қуатыңыз бен күш-жігеріңізді құрдымға кетіреді.Армандарыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, іске кіріскеніңіз абзал. ▪︎Дайындықтан қол үзу. Әрбір күн-екінші мүмкіндік! Жеңімпаз болғыңыз келе ме? Ендеше өзіңізді жеңімпаз ретінде сезініңіз.Еңбек етіңіз.Бүгінгі істі ертеңге қалдырушы болмаңыз.Осыдан кейін бойыңызда сенімділік ұялап, өзгелерден ерекшелене түсесіз. ▪︎Қорқыныш. Асуларды алу жолында осы бір қорқыныш сезімімен күресуге тура келеді.Өзгелердің пікірін тыңдамаңыз.Әрбір айтылған сынды саралап, бір тоқтамға келіңіз. ▪︎Негативті ойлар. Еш уақытта мүмкіндігіңізді жоғалтып алмаңыз.Мүмкіндіктер сансыз көп екенін естен шығармаңыз.Санаңызда пайда болған қорқыныш пен күдікті жоюға тырысыңыз.Сенімділікті арттыра түсіңіз.Өз бағаңызды түсірмеңіз.
Авторы:
s_r

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту