Ескі архив · 10.04.2020 17:18

Өміріңізді көркейтетін керемет кеңестер

*Бес күндік жалғанда барыңызды бағалаңыз.Өзіңізді өзгелердің алдында төмендетіп, кемсітудің қажеті шамалы.Сіз-қайталанбас жансыз! *Биіктерді бағындыру жолында тайсалмаңыз, ерік-жігеріңізді білім алуға, жаңа дүниелермен танысуға жұмсаңыз. *Әрдайым көңіл-күйіңіз көтеріңкі, жүзіңіз жылы болсын.Адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға дағдыланыңыз.Қоршаған ортаны тани түсіңіз. *«Менің қолымнан келмейді...» деген фразаны еш уақытта қолданбаңыз. *Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.Болмашыға бола мұңая көрмеңіз.Әр атқан таңыңызға қолдағы барыңызға шүкір етіңіз. *Аллаға сеніңіз! Бір істі шынайы ниетпен, пәк көңілмен бастар болсаңыз, жемісіне бола қам жемеңіз.Бәрін Жаратушыға тапсырыңыз.Содан соң қандай ғажайыптың боларын көрерсіз. *Өзіңізді сүйіңіз.Өзгеге емес, өзіңізге сенім артыңыз.Сенім-бұл ұлы күш! *Негатив ойлардан аулақ болыңыз.Өзгелердің пікіріне құлақ аспаңыз.Жаңашылдық-асуларға бастайтынын естен шығармаңыз. *Ешқашан да өзгелерге сыни көзбен қарамаңыз.«Адамзаттың бәрін сүй-бауырым деп» *Жалқаулықты жеңе біліңіз.Сабырлылықты серік етіңіз. *Өзгелерге құрмет танытыңыз.Жаныңызға жақын жандарды қуантыңыз.Мейілінше, бар махаббатыңызды төгіңіз. *Байлықты арман етпеңіз.Рухани тұрғыда байи түсіңіз. *Өміріңізді бақытты сәттер мен қайталанбас қуаныштармен толықтырыңыз.Себебі, өмір-өткінші…
Авторы:
s_r

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту