Ескі архив · 13.05.2025 16:13

Еркектер неге көбірек атеист?

Pew Research зерттеуінше атеистердің 70%-ы – еркектер. Gallup, World Values Survey зерттеулері де осыған жақын нәтиже берген. Ол былай өмірде де байқалады. Себептері мыналар: – Әйелдер көбіне интуициямен, эмоциямен шешім қабылдайды. Ал дін де сезіммен байланысты. – Көп қоғамда бала тәрбиесі, отбасы, мораль деген ұғымдар әйелге бекітілген. Сондықтан дін – бір жағынан жауапкершілік. – Әйелдер мистикаға, әруаққа, дуалауға сенгісі келеді. Кей нәрселердің себептерін сомен байланыстырады. – Қайтыс болған жақындарымен қайта қауышқысы келеді, соған сенгісі келеді. – Қиын жағдайда сенім жүйесі (Құдайға, тағдырға) оларға үміт береді. – Кей елдерде әйелдің атеист екенін ашық айтуы да қиын. Қоғамдық қысым бар.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту