Ескі архив · 13.05.2025 15:15

Кофе таңдауы: Қай түрі сізге сай келеді?

Кофе ішу сәнге айналған заман. Бірі – ащы дәм іздейді, бірі – жұмсақтықты қалайды, енді бірі – инстаграмға әдемі кружкамен фото салғысы келеді. Ал сіздің кофе таңдауыңыз қандай? 1. Эспрессо Қандай? – Қанық, ащы, күшті Кімге ұнайды? – Қатты дәмді ұнататындарға, тез оянғысы келетіндерге Қалай ішу керек? – Қантсыз, кішкентай кесемен, таза күйінде Қашан жақсы? – Таңертең немесе жұмыста сергіту үшін 2. Американо Қандай? – Жұмсартылған эспрессо, дәмі жеңіл Кімге ұнайды? – Күнделікті кофе ішетіндерге, классиканы жақсы көретіндерге Қалай ішу керек? – Қаласаңыз сүтпен, кейде балмен де үйлеседі Қашан жақсы? – Кеңседе, кітап оқып отырып 3. Капучино Қандай? – Эспрессо, сүт және көпіршіген сүт Кімге ұнайды? – Нәзік дәмді, сәнді кофе ұнататындарға Қалай ішу керек? – Қантсыз, үстіне даршын немесе какао сеуіп Қашан жақсы? – Достармен кафеде немесе Instagramға фото саларда 4. Латте Қандай? – Сүтті көп, жұмсақ дәм Кімге ұнайды? – Кофенің ащылығын ұнатпайтындарға, жаңадан үйреніп жүргендерге Қалай ішу керек? – Сироппен, ваниль немесе карамель қосып Қашан жақсы? – Түстен кейін демалғанда 5. Флэт уайт Қандай? – Латтеге ұқсас, бірақ кофесі қанығырақ Кімге ұнайды? – Сүт те болсын, дәмі де айқын болсын дейтіндерге Қалай ішу керек? – Таза күйінде, қосымша қоспасыз Қашан жақсы? – Жұмысқа дейінгі соңғы 10 минутта 6. Макиато Қандай? – Эспрессо үстінде аз ғана сүт көбігі Кімге ұнайды? – Ащы дәмнен бас тартпайтын, бірақ кішкене жұмсақтық қажет ететіндерге Қалай ішу керек? – Қантсыз, кішкентай стақанда Қашан жақсы? – Кешкі сергектік үшін 7. Мокка Қандай? – Шоколад пен кофе үйлесімі Кімге ұнайды? – Тәтті дәм, десерт сияқты кофе іздейтіндерге Қалай ішу керек? – Шоколад тұздығымен, кейде кілегеймен Қашан жақсы? – Кешке кино қарап отырып
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту