Қазақтар балық аулауды ұят санаған ба?
2 оқу0 комент2 минПост

Қазақтар бұрын балық жемеген, балық аулауды ұят санаған деген пікір бар. Мұны біржола жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бүкіл қазақ балық ауламаған деу де қате.
Шындығында, дәстүрлі көшпелі қоғамда мал негізгі байлық саналды. Балықшылық көбіне кедей-кепшіктің, малынан айырылған адамдардың күнкөріс кәсібі болған. Тіпті 1832 жылы Алексей Левшин балықты көбіне өзен-көл жағасында тұратын кедейлер тұтынатынын жазған. Жұттан кейін малы азайған адамдардың балық аулауға көшкені туралы да тарихи деректер бар.
Демек, кей ортада балықшылықты мәртебесі төмен кәсіп санағанын мойындауымыз керек. Алайда бұл қазақтың бәрі балық жеуді ар көрді деген сөз емес.
Қазақ тіліндегі балық атауларына қараңызшы: сазан, шортан, жайын, көксерке, ақмарқа, аққайран, мөңке, табан, торта, қаракөз, бекіре, шоқыр, қортпа, сүйрік, қаяз, таутан...
Ал балық аулауға қатысты сөздік қорымыз тіпті бай. Жаппа, қаза, сүзекі, жылым, ақанша, қарашағырмақ, ине қармақ, сүңгі, ақпа, керме, қабадан, жұтпа, жорамал, қоқан және тағы басқа атаулар бар. Әрқайсысы белгілі бір құралды, оның бөлшегін немесе аулау тәсілін білдіреді. Кейбірінің атауы өңірге қарай өзгеріп отырған.
Балықтан әзірленетін тағамдар да аз емес. Қарма, бөкпе, бітеу, жаңса, қалқы, майқуырдақ сияқты атаулар этнографиялық және тілтанымдық еңбектерде кездеседі. Балықты асып, қуырып, қақтап, кептіріп, ыстап жеген.
Әрине, сөздік қордың байлығы бүкіл қазақ бірдей балықшылықпен айналысқанын дәлелдемейді. Бірақ ол өзен-көл мен теңіз жағалаған қазақтардың бұл кәсіпті игеріп, өзіндік тәжірибесі мен мәдениетін қалыптастырғанын көрсетеді.
Қазақтың тұрмысын тек мал шаруашылығымен, дастарқанын тек ет пен сүтпен шектеп қарастыруға болмайды. Біздің тарихымызда егіншілік те, аңшылық та, балықшылық та болған. Әр өңірдің табиғатына қарай тіршілігі мен тағамы қалыптасқан.
Балықшылықтың бір кезеңде кедейлер кәсібі саналғаны рас. Бірақ содан қазақтар балық ауламаған, балық жемеген деген қорытынды шықпайды. Қазақтың балықшылық мәдениеті де – ұмыт қалдырмауға тиіс мұрамыздың бір бөлігі.

Арал мен Каспий жағалауында, Сырдария, Жайық, Ертіс бойында, Балқаш, Алакөл мен Зайсан маңында балықшылық бұрыннан қалыптасқан. Кейін ол саудаға, табыс көзіне айналды. Мәселен, тарихи зерттеулерде 1900 жылы Арал аймағындағы өзендер мен теңізде 3000 қазақтың балық аулау кәсібінде жұмыс істегені көрсетілген.

Қазақ тіліндегі балық атауларына қараңызшы: сазан, шортан, жайын, көксерке, ақмарқа, аққайран, мөңке, табан, торта, қаракөз, бекіре, шоқыр, қортпа, сүйрік, қаяз, таутан...
Ал балық аулауға қатысты сөздік қорымыз тіпті бай. Жаппа, қаза, сүзекі, жылым, ақанша, қарашағырмақ, ине қармақ, сүңгі, ақпа, керме, қабадан, жұтпа, жорамал, қоқан және тағы басқа атаулар бар. Әрқайсысы белгілі бір құралды, оның бөлшегін немесе аулау тәсілін білдіреді. Кейбірінің атауы өңірге қарай өзгеріп отырған.
Балықтан әзірленетін тағамдар да аз емес. Қарма, бөкпе, бітеу, жаңса, қалқы, майқуырдақ сияқты атаулар этнографиялық және тілтанымдық еңбектерде кездеседі. Балықты асып, қуырып, қақтап, кептіріп, ыстап жеген.
Әрине, сөздік қордың байлығы бүкіл қазақ бірдей балықшылықпен айналысқанын дәлелдемейді. Бірақ ол өзен-көл мен теңіз жағалаған қазақтардың бұл кәсіпті игеріп, өзіндік тәжірибесі мен мәдениетін қалыптастырғанын көрсетеді.
Қазақтың тұрмысын тек мал шаруашылығымен, дастарқанын тек ет пен сүтпен шектеп қарастыруға болмайды. Біздің тарихымызда егіншілік те, аңшылық та, балықшылық та болған. Әр өңірдің табиғатына қарай тіршілігі мен тағамы қалыптасқан.
Балықшылықтың бір кезеңде кедейлер кәсібі саналғаны рас. Бірақ содан қазақтар балық ауламаған, балық жемеген деген қорытынды шықпайды. Қазақтың балықшылық мәдениеті де – ұмыт қалдырмауға тиіс мұрамыздың бір бөлігі.

Коменттер
Әзірге комент жоқ.
Комент жазу үшін жүйеге кіріңіз.