Қазіргі блоггинг не үшін керек?
12 оқу0 комент2 минПост

Біз интернетке кеше келген жоқпыз. 2007 жылдардан бастап түрлі платформаларда блог жазып, қазақша блог ортасын қалыптастыруға тырыстық. Ол кезде блогтың өзі әлеуметтік желінің қызметін де атқарды: бір-біріміздің жазбамызды оқитынбыз, пікірталасатынбыз, жаңа адамдарды сол ортадан табатынбыз.
Кейін әлеуметтік желілер күшейді. Қысқа пост, видео, сторис, алгоритм, жылдам реакция алдыңғы орынға шықты. Соның арасында классикалық блоггинг біртіндеп шетке ығысты. Мүмкін, бұл заңды процесс шығар. Өйткені бұрын блог атқарған көп қызметті әлеуметтік желілер өзіне алып қойды.
Бірақ содан бері де біраз жыл өтті.
Сол кездегі блогерлердің көбі қазір әртүрлі саланың маманы болды. Біреу кәсіпте, біреу медиада, біреу технологияда, білімде, мәдениетте, мемлекеттік қызметте, шығармашылықта жүр. Жинаған тәжірибе көбейді. Айтар ой тереңдеді. Бұрын эмоциямен жазатын нәрселердің орнына қазір бөлісуге болатын нақты тәжірибе, қорытынды, қателік, кәсіби білім пайда болды.
Иә, қазір мәтін ең тренд контент емес. Адамдар видео көреді, қысқа форматты тұтынады. Ұзақ мәтінді бұрынғыдай көпшілік оқымауы да мүмкін.
Бірақ әлі де жазғысы келетін адамдар бар. Әлі де асықпай оқығысы келетін адамдар бар. Бір сөйлемдік пікір емес, ойын толық жеткізгісі келетіндер бар. Тәжірибесін архив қылып қалдырғысы келетіндер бар.
Сондықтан осы платформаны ашып отырмыз.
Мақсатымыз — миллиондаған қолданушы жинау немесе тағы бір әлеуметтік желі жасау емес. Қазақша жазатын, оқитын, тәжірибе бөлісетін адамдарға шағын болса да тұрақты онлайн орта қалыптастыру.
Мұнда мамандығыңыз туралы жазыңыз. Жасаған жобаңызды бөлісіңіз. Қателігіңізді айтыңыз. Оқыған кітабыңыз, көргеніңіз, білгеніңіз, кәсіби тәжірибеңіз, жеке байқауыңыз — бәрі де біреуге пайдалы болуы мүмкін.
Көп адам кірмесе де болады. Бірақ қазақ тілінде ой жинақталатын, адамдар бір-бірін оқитын, пікірлесетін, тәжірибе сақталатын осындай бір орта болғаны дұрыс.
Бірге дамытайық. Бір-бірімізден үйренейік. Жаза берейік.

Коменттер
Әзірге комент жоқ.
Комент жазу үшін жүйеге кіріңіз.